Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти Түркияға іс-сапармен барды
20 шілде, 2014 жыл 66 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Түркияға іс-сапармен барды.


Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан мұсылман елдерінің мүфтилері мен Ислам әлемінің ғалымдары бас қосқан конференцияға қатысты. Келелі кездесуді Түркияның примьер-министрі Режеп Тайып Ердоған ашып берді. Бұл жолғы іссапар үлкен маңызға ие. Конференцияда қазіргі уақытта күрмеулі мәселеге айналған Ирак пен Сириядағы жағдай талқыланды. Ислам әлемінің ғұламалары бас қосқан жиын «Әлемдік Ислам ғалымдарының бейбітшілік, ұстамдылық және саналылық бастамалары» деген атпен 17-19 шілде аралығында өтеді.


Кездесу барысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлмен кездесіп, Рамазан айының құрметіне жайылған ауыз ашар дастарханына қатысты. Басқосуда бауырлас елдердің ынтымақтастық бағытында қарым-қатынасы, рухани саладағы келісім шаралары сөз болды. Бүгінде қазақстандық діндарлар Түркияның «Хасеки» университетінде білім алуда.


Ислам үмбетінің ғалымдары әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға дін қайраткерлерінің үлкен үлес қосуы аса маңызды, жауапкершілігі жоғары жұмыс екенін басты назарда ұстауда.


[gallery link="file" columns="4" ids="8280,8281,8282,8283"]

www.muftyat.kz


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары