Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти ауызашар берді
23 шілде, 2014 жыл 78 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған жан мен оған ауыз аштырған адамның сауабы еселеп жазылады. Бүгінде мешітке келіп, күні бойы Алла разылығы үшін парызын өтеп жүрген жамағатымызға ауызашар ұйымдастырып жүрген бауырларымыз Аллаға шүкір баршылық.
Қадір түнінің қарсаңында Қарағанды қаласының орталық мешітінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретінің атынан ораза ұстаған жамағатқа ауызашар ұйымдастырылды. Ақшам намазынан соң күллі жамағат ақ дастарханға жайғасты. Мешітіміздің Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Бас мүфтидің барша жамағатқа арналған сәлемін жолдап, ауыз бекіткен жамағатты Ораза айымен құттықтады.
Сонымен қатар Ораза айының мәні мен маңыздылығына тоқталып, ғибратты уағыздар насихатталды. Ауызашарға қазыналы қарттарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз және мешіт ұжымы қатысты. Мәні мен сәні жарасқан ауыз ашар соңында жиналған жамағат Аллаға шүкіршілік айтып, еліміздің амандығы тілеп тарқасты.


[gallery link="file" ids="8372,8373,8374"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары