Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Періштелер жер бетіне түскен түн
24 шілде, 2014 жыл 111 Басып шығару нұсқасы

Қадір түні. Мұсылман бауырларымыздың асыға күтетін ең ерекше түндерінің бірі. Бұл түнде Алла Тағалаға мойынұсынған пенделерімізге өте үлкен сауап жинаудың мүмкіндіктері берілген. Қадір түнінің нақты уақыты анық айтылмаған. Бірақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірі екендігіне әсіресе, тақ түндерін іздеу керектігін нұсқайды. Ғалымдардың көзқарастары бойынша, бұл түн Рамазан айының тақ түндерінің біріне, әсіресе, 27-ші түніне сәйкес келеді. (Қараңыз: Бұхари, Қадір, 3; Мүслим, Сиям, 216) Сол себепті барлық мешіттер осы түні Қадір түнін қарсы алады. Бұл үрдістен Қарағанды облыстық орталық мешіті де шет қалмады. Қала тұрғындары мен қонақтарының көптеп жиналғанынан мешіт залдарында ине шаншыр орын қалмады. Барлығының мақсаты бір Алла Тағалаға құлшылық ету. Мешітімізге Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың атынан ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар өткізілді. Ауызашарға жиналған жамағат мешіт асханасынан шығып, мешіт залдарына шақырылды. Осы орайда жұртшылық пітір-садақа беріп өтті. Жылдағыдай ерлер қауымы мен әйелдер қауым жеке намазханаларда отырып құран оқылды. Одан соң сағат тілі 1-ден аса мешіт имамдары, ұстаздары ерлер мен әйелдер залында викториналық сұрақтар ойнатылды. Барша жамағат білгенінше жауап беріп мешіт атынан құнды сыйлықтарға ие болды. Яғни, Құран кітап, «Дін мен дәстүр», «Мұғалім сәни» атты кітаптарымыз және жайнамаздар мен тәсбиықтар көптеп таратылды. Ойын ұйымдастырылуының мақсаты келген жамағатты Аллаға құлшылық етумен қатар діни білімін нақтылап алу болатын. Жапа тармағай жауап беріп жатқан жамағатымыз ойын соңында бір сергіп қалды. Жамағат қадір түнін ерекше ыждаһаттылықпен қарсы алды. Еліміздің әр бір өңіріндегі мешіттерде ақшам уақытынан таң намазына дейін имандылық жайлы уағыздар айтылып, намаз оқылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы Қадір түнінің ғибадаттарын облыстық орталық мешітінде жамағатпен бірге атқарды. Қарағандылықтар мен қала қонақтары Бас имамның аузынан уағыз естіп, Ислам діні туралы әңгімелерді ерекше ықыласпен тыңдады. Облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Қасиетті түнді Алла Тағалаға құлшылық жасау, намаз, Құран оқу, шариғат үйрену, үйрету, уағыз айту және тыңдау, тәсбі тарту, діни кітаптар оқу, діни фильмдер көру ләзім екенін түсіндірді. Және мешітке келгенде дүние сөзін сөйлемеу амалдарын орындау арқылы зиярат етіп өткізу керек дегенді ерекше айта кетті. Рамазан айының күндiзі де, түнi де қасиеттi болып есептеледi. Әсiресе, соңғы он күні ерекше бағаланады. Өйткені, соңғы он күндікте адам баласының бiр жылдық тағдыры белгiленетiн ерекше түн – Қадір түнi бар. Осы түнде Алла Тағала Қасиеттi Құран Кәрімдi түсірген. Қадір түнi Алла Тағаланың разылығы үшiн жасалған әр бір халал іс құлшылық болып есептеледі. Кiм Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса әрi Қадір түнiн шын иман және сауап үмiтiмен өткiзсе оның бұрын iстелген күнәлары кешiрiледi делінеді. Қадір түнінде Жәбрейіл мен бүкіл періштелер жер бетіне түседі. Алланың елшісі (с.ғ.с): «Шын мәнінде, Қадір түні жер бетінде, періштелер ұсақ тастардан да көп болады», – деген екен. Міне, осындай ұлағатты уағыздар айтылған түннен кейін жамағатқа сәресі берілді.


[gallery link="file" columns="5" ids="8427,8428,8429,8430,8431,8432,8433,8434,8435,8436,8437,8438,8439,8440,8441,8442,8443,8444,8445,8446,8447,8448,8450,8449,8473,8472,8451,8452,8454,8455"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары