Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мың айдан да қадірлі түн
25 шілде, 2014 жыл 120 Басып шығару нұсқасы

Қадір түні - бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған ерекше қасиетті түн. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз» және «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл сөз «құдырет» мағынасы да қамтиды.
Қадір түнінің қасиетін жұмыр басты пенде өз ақылымен біле алмайды. Сондықтан оның қадір-қасиетін Жаратушымыздың өзі «Қадір» сүресінде: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Алла Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Алланың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Алланың рақымы мен есендігі жауады», - деп баяндайды.
Балқаш қалалық мешіті мың айдан да қайырлы болған «Қадір түні» кешінде мешіт жамағатқа бұл түнді барынша құлшылыққа толы өткізуге жамағатқа барлық мүмкіндік жасалды. Қадір түні қарсаңында мешіт асханасында ауызашар беріп, жамағатпен құптан және тарауық намазы оқылды. Сондай-ақ маусым айының 27-нен басталған тарауих намазында Қасиетті Құранды толығымен хатымды оқып шыққан Мансур және Убайдолла қари бауырларымыз осы қадір түні аяқтады. Жамағатпен хатым дұғасы жасалып, мешітіміздің бас имамы елімізге тыныштық, ел басымызға, дін басымызға тауфих хидаят тіледі. Мешіт жамағатының атынан бас имам Асылхан қажы Рақымжанұлы өз ризашылығын білдіріп, «Орамал-тон болмайды, жол болады» демекші қариларымызға алғыс хат тапсырып, шапан жауып құрмет көрсетті. Қария ақсақалымыз қари бауырларымызға батасын берді. Кеш барысында мешіт ұстаздары мен имамдарының уағызы болып, жамағаттар арасында ойындар ұйымдастырылып қадір түнінің кешіне арнайы сыйлықтар берілді. Балқаш қаласының әкімі Ардақ Маратұлы мешітке жиналған мұсылман қауымды Қадір түнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Таңғы сәресі 03:30-да мешіттің асханасында берілді. Жамағатпен таң намазы оқылып, «Алла Тағала Рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, екі дүниенің бақытына бөлегей! Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Дінімізге қуат, өзімізге иман байлығын бергей! Келесі Оразаға амандықпен жүздесуді Алла нәсіп етсін! Әумин!» -деп бас имам Асылхан қажы амандық-саулық тілеп, қадір түніне келген барша мұсылман қауымы жақсы көңіл-күймен тарқасты.


[gallery link="file" columns="5" ids="8482,8483,8484,8485,8486,8487,8488,8489,8490,8491"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары