Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жат дін – орға жығады
25 шілде, 2014 жыл 133 Басып шығару нұсқасы

Түнеу күні қалалық Кеншілер мәдениет сарайында қызметін 2008 жылдан бастаған, теріс діни әрекеттерден зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсетуші «Виктория» орталығының теолог – дінтанушысы Қаршыға Жаңабаевпен кездесу өтті.
Кездесуге қаламыздың түрлі мемлекеттік мекемелерінен, өзге де мекеме, ұжымдардың мамандары, әсіресе жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беретін білім ошақтарының психолог мамандары, ұстаздары және ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты. Жиынды қалалық Ішкі саясат бөлімінің бастығы Сандуғаш Нұрмағанова жүргізіп, аталмыш орталықтың қызметі, бүгінгі күнде елімізге қауіп – қатер төндіріп жатқан теріс діни ағымдардың зияны жайлы айта келе, бұл індетке «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» күресу керектігін қадап айтты. Өз кезегінде сөз алған Қаршыға Байбекұлы тыңдаушыларға Ислам дінінің тарихы, оның қадір – қасиеті, мұсылман халқына берер пайдасы, сондай – ақ теріс ағымдағы діндердің зияны туралы өзекті пікірлерімен бөлісті. Сонымен бірге жаһилия дәуірі мен қазіргі заманды салыстыра отырып, діннің ерекшеліктері жайлы өз білігін паш етті. Ислам шариғатында ешбір мұсылман қызына бет перде жамылып, еркек кіндікке жүзін көрсетпеуге тиім салынбағандығын да айғақтады. Жаратқан Иеміз пәренже жамылу тек Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) зайыбы мен қыздарына, сонымен қатар мұсылман әйеліне ғана тән екендігін ескертіп айтқандығын түсіндіріп берді.
Теолог өз сөзінде елімізде жат діндердің Ислам дінінің атын жамылып, Алла тағаланы, Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) тілге алып, жұртшылықты азғындыққа әкеп соқтырып жатқандығын да назардан тыс қалдырмады. Көпшілікке шәһидтің қаншалықты зиянды екендігін ұқтырды. Көптеген азаматтардың сана – сезімі уланып, өз – өзіне қол жұмсап, шәһид болып жатқандығын айтып, жан түршігерлік оқиғаларды жайып салды. Осының салдарынан қаншама азаматтар өмірдегі ақиқат жолынан адасып, орға жығылып жатқандығын көкейлерге қонымды мысалдар арқылы жеткізді.
Қазіргі таңда мұсылманбіз деп Ислам дінінің атын жалған жамылып, өзге шіркеулерге тартып, діни ритуалдарына қатыстырып жатқан жат діндердің саны әсте өршіп келеді. Алла тағала мен пайғамбарға сенген адам ондай жат діннің жетегінде кетпеу керектігін ескертті. Бұл сөзді айтатын адамдар мұсылман емес, мұсылман кейпіне еніп алған миссионерлер екенін түсіндірді. Хақ болған дін тек қана – Ислам діні. Тек Аллаһтың өзіне ғана сенетін адам мұсылман бола алмайды. Мұсылман бола алу үшін пайғамбарына да сеніп, оған мойынсұнуы керек. Бұл жөнінде айтылған қасиетті аяттарда айтылғандығын көрсетіп берді.
Вахавизм және терроризмнің дамыған елімізге төндіріп жатқан қауіпінің астарында ел арасында арандатушылық, бүлікшілік дәнін сеуіп, жеке тұлғаны өз туғанына, бауырына, тіпті ата – анасына да қарсы қойып, қатігездік, тас бауырлық сезімін оятып, адамгершілік, ізгілік қадір – қасиетінен жұрдай етіп жатқандығын нақты дәлелдермен атап өтті.Тепсе темір үзетін жастардың шет елдерге барып білім алып келіп, ақиқат пен турашылдыққа бастайтын Ислам дініміздің шариғаттары мен талап – ережелерін бұрысқа шығарып, жат діннің құрбанына айналғанын айтып, ащы шындықты алдымызға жайды.
Кездесуге жиылған жұртшылық теолог – дінтанушыға сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды. Тыңдаушылар Шахтинск қаласында үйме – үй кезіп, Иогва дініне тартып жүрген бейтаныс кісілер жайлы, оларды тоқтатудың қандай шарасы барлығын айтқанда, дінтанушы дереу 114 нөміріне телефон шалып, ескерту қажеттігін жадымызға салды. Сондай –ақ «Алла тағалаға ма, әлде әруақтарға сыйыну керек пе?» деген сауалға «Алламыз оңдасын, ал әруақтар қолдасын» деген сөз бар. Мұсылман қиналған жағдайда, тағы басқа сәтте дұға – тілек білдіргенде, соны бір Аллаға жеткізіп, ортада қолдау көрсетуші әруақтар екенін ұғындырды. Сонымен имандылықтың ақиқат жолын көрсеткен кездесу қатысушылардың көңілінде ерекше әсерімен қалды.


[gallery link="file" columns="2" ids="8499,8500"]
А.Тұржанов


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары