Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қалалық мешіттегі Қадір кеші
26 шілде, 2014 жыл 113 Басып шығару нұсқасы

Мұсылман қауымының риясыз жасайтын амалдарының бірі – ораза ұстау болса, оның шоқтығын биіктетіп қадір-қасиетін арттыратын қадір түні. Міне, осы кешті ел болып ерекше атап өту үрдісі қалыптасқан. Соның қатарында №1-мешітінде осы кеште мешітке ағылған халықтың санында есеп болмады. Ауызашар дастарханынан бастау алған қасиетті кеште тарауих намазындағы хатым аяқталды. Бас имам Орманбет қажы мешітке жиналған халыққа қадір кешінің қасиеті жайында осы кешті қалай өткізу турасында насихаттады. Хатымның батасын жасауға ҚМДБ-ның өкілі Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы шақырылды. Өкіл имам бұқара халықты бас мүфтидің атынан құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді. Хатым аяқтала салысымен бекітілген бағдарлама бойынша қасиетті мекеннен әкелінген зәм-зәм суы жамағатқа үлестірілді. Дұға тілектің кеші болғандықтан жамағат пен имамдар бірге такбир айтып Алланы ұлықтап, пайғамбарға салауат айтып, өздерінің Қадір түнінде жасалған ісшаралардың қатарында құлшылыққа деген ынтасын арттырған сәт «зәм-зәм» суын ішкізу болды. Одан соң түрлі тақырыптарда уағыздар айтылып, сауал-жауаптар ұйымдастырылды. Жамағатың зейінін арттыратын сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге «Дін мен дәстүр» кітаптары мен жайнамаз, таспихтар тарту етілді. Жамағатқа сәресі дайындалып, Алладан шынайы тілек тілеген халық таң рауандап атқанда тарқады.


[gallery link="file" columns="5" ids="8517,8518,8519,8520,8521"]
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары