Тарауих намазы – мүбәрак Рамазан айының маңызды ғибадаттарының бірі. Пағамбарымыз (с.ғ.с): «Кім рамазан айында тарауих намазын шын ықыласпен оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі», - деген. Міне көзді ашып-жұмғанша, қасиетті рамазан айының қалай аяқталып қалғанын сезбей қалыппыз. Осы Отыз күн ораздан бері сонау Түркия мемлекетінен келген Фетхулла Гокче жамағатпен бірге Қасиетті Құранды толығымен аяқтап, қасиетті Қадір түні Құран хатым жасады. Жиналған жамағатқа намаз өткізген Фетхулла Гокче : «Осындай жарқын жүзбен қарсы алғандарыңызға рахмет, сонау Түркия мемлекетінен әкеліп кездестіріп жатқан Алланың құдіреті Ислам діні, Қасиетті Құранның арқасы. «Бала қажы» мешітің бас имамы Нуров Махмұд қажы Нұрұлына, жалпы қазақ халқына ризамын» деп тілегін білдірді.
Бас имам Махмуд қажы Фетхулла Гокчеге барша жамағаттың атынан алғысын білдірді. Сондай-ақ Қарағанды облысының өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы арнайы келіп, өз алғысын білдірді. Баршамыз Алладан амандық тілей отырып қариды еліне шығарып салдық.
Пікірлер