Теміртау орталық мешітінің ұжымы қаладағы «тұратын мекен-жайы жоқ қарттарды бейімдеу» орталығына барып қайтты. Мешіт ұжымы қарттарымыздың қал-жағдайларын сұрап, ақ дастархан жайып, алып барған азық-түліктерінен арнайы ас дайындап күтті. Қарттарымыз қайырымдылық көрсетіп, іздеп келгендеріне зор алғыстарын білдірді. Сауабы еселеп жазылатын осындай игі шаралар рамазан айында жиі-жиі өткізілді.
Пікірлер