Қасиетті қадір түнін Теміртау қаласының тұрғындары да асыға күтіп, түні бойы Алла Тағалаға құлшылық етумен қарсы алды. Құптан намазының алдында бас имам Төлтаев Ербол Мұқанұлы жиналған жамағатты қадір түнімен құттықтап, қасиетті қадір түнінің қасиеттері жайында уағыз айтты. Уағыздан кейін азан шақырылып, құптан намазы, одан кейін тарауых намазы оқылды. Тарауых намазынан кейін наиб имам Мирзаев Алимбек ораза айы жайында, дұғаның артықшылығы жайында тағылымы мол уағыздар айтты. Уағыздан кейін жиналған жамағат қадір түнінің құрметіне нәпіл намаздар оқып, Алладан жарылқау тіледі. Жылдан жылға қадір түнін күтушілер саны Аллаға шүкір артуда.
Теміртау орталық мешітінің бас имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен таңға жақын сәресі беріліп, күллі жамағат таң намазын бірге оқыды. Қадір түніне жиналған бауырларымыз жақсы көңіл-күйде тарқасты.
Пікірлер