Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қасиетті қадір түні
01 тамыз, 2014 жыл 88 Басып шығару нұсқасы

Мың айдың сауабы бар қадыр түні қарсаңында мешітіміздің бас имамы Қанат Анасұлының ұйымдастыруымен мешіт асханасында 200-ге жуық жамағатқа ауыз ашар берілді. Рамазан айының 26 ші түні қадыр кешінде құран кәрімнің соңғы парасы оқылып, құран хатым аяқталды. Бас имам Қанат Анасұлы тәжікстан мемлекетінен келген қос қариға мешіт ұжымы мен мешітке келген жамағаттың атынан алғыс білдіріп шығарып салды. Сондай-ақ бас имам Қанат Анасұлы қадыр кешінде жиналған жамағатқа қадыр түнінің қасиеттері жайлы уағыздар айтты. Қадыр түнін құлшылықпен өткізуге халық көп жиналды. Бас имам мен наиб имамдар кезегімен мағыналы уағыздар айтып, қадыр түнінде нәпіл намаздарын оқыды. Теміртау қаласындағы аузы дуалы ақсақалымыз Асылхан қажы қадыр түнімен барша жамағатты құттықтап, ақ батасын берді. Таңға жақын жамағатқа сәресі ұйымдастырылып, баршасы бірге намазын оқып тарасты.


[gallery link="file" columns="4" ids="8747,8748,8749,8750"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары