Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балхашта қайырымдылық шаралары өтті
01 тамыз, 2014 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

Айт мерекесі – Алла Тағаланың пенделеріне белгілеп берген мейрамы. Балқаш қалалық мешітінде 28-ші шілде күні, таңғы сағат 6:30-да мешіт имамдары жамағатпен айт намазын бірге оқыды. Мешітіміздің бас имамы Асылхан қажы Түсүпбеков ораза айтының қасиеттерін айта келе, «Құрметті мұсылмандар! Рамазан айт мерекесі құтты болсын. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын. Әрбіріңіздің жанұяларыңызға Алла Тағала ырыс-береке берсін»,- деп келген жамағатты ораза айт мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар ораза айт мерекесі күндері яғни, үш күн қатарынан қайырымдылық шаралары жүргізілді. Мешітіміздің ұжымы Балхаш қаласындағы мүгедек жандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың шаңырағына қал-жағдай сұрасып, көмек болсын деп, алып барған азық-түліктерін үлестірді.
Сондай-ақ қаладағы жетімдер үйіндегі тәрбиешілерге, жасөспірімдер үйіндегі жастарға көмек көрсетіп, 10 аспа шам (люстра) алып берді. Мекеме басшысы Қожамбаева Перизат өз ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.
Сонымен қатар Ислам дінін қабылдаған мұсылман бауырлырымыздың қатары Аллаға шүкір өсуде. Сөзімізге дәлел Балқаш қаласының тұрғыны, кәсіпкер Виктор есімді азамат Алла разылығы үшін қайырымдылық шараға өз үлесін қосып, жағдайы төмен 5 отбасыға көмек ретінде азық-түліктер мен тұрмыс жағдайына қажетті заттарды үлестіріп берді. Шара соңында Виктор тілін кәлимаға келтіріп, мұсылмандардың қатарына қосылды.


[gallery link="file" columns="4" ids="8753,8754,8755,8756,8757,8758,8759,8760,8761,8762,8763"]




Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары