Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Александра Ислам дінін қабылдады
08 тамыз, 2014 жыл 77 Басып шығару нұсқасы

Бүгін мешітімізге Нұрбол есімді жігіт келіп үйленгелі жатқанын және қалыңдығының Ислам дінін қабылдаса деген тілегін жеткізді. Өзге ұлттың қызы Александра бұл шешімге өз еркімен келіскенін және асыл дінімізден хабары бар екенін айтты. Мешітіміздің наиб имамы Бекболат Зүлжалладинұлы Александраға орыс тілінде асыл дініміз жайында толық түсіндіріп, кәлиманы қайталап айтқызды.
Мәйдә сүресінің 3-ші аятында «Бүгін діндеріңді толықтырдым. Сондай-ақ, сендерге дін етіп Исламға разылық білдірдім» деген құдіреті күшті Алла Тағаламыз. Бүгін міне, мұсылман бауырымздың саны тағы бір адаммен толықты десек болады. Тойының алдында қызын мұсылмандар қатарына қосып, бүтін бір мұсылман отбасын қалыптастырғысы келетінін айтқан жігіттің бұл ниетіне бізде риза болып қалдық.


[gallery link="file" columns="2" ids="8862,8870"]
Мөлдір Қуандыққызы
Қарағанды облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары