Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жыржыс қажыда» сенбілік өтті
13 тамыз, 2014 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

Бұқар жырау ауданындағы «Жыржыс қажы» мешітінің ұжымы сенбілік шарасына шықты. Асыл дінімізде әр нәрсе тазалықтан басталатыны белгілі. Шариғат амалдарына қарайтын болсақ та әр бір рухани істер тазалықтан бастау алады. Бес уақыт намазға дене тазалығы дәретпен, рухани тазалық ниетпен болады. Дінімзде тазалықты айтып қана қоймай оны іске асыруға ниет еткен мешіт шәкірттері күрек, тырма, сыпырғыштарын алып ауланы тазалауға кірісті. Мешіт шәкірттерін имандылыққа тәрбиелеп жүрген наиб имам Акошев Рүстем шәкірттеріне тазалық жайында айтып қана қоймай оны іске асыру үшін ұлдар мен қыздарды мешіт ауласын, іші-сыртын тазалауға шақырды. Нәтижесінде мешіттің айналасы тазаланып, көрсе көз тоятындай көркейіп қалды.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары