Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақпараттық насихаттық топ Ақтоғайда
13 тамыз, 2014 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретінің бұйрығына сай Қарағанды облысына қарасты мешіттің имамдары уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп, өз міндеттерін атқаруда. Қарағанды облысы бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының бекітуімен имамдар қасиетті жұма күні Ақтоғай аумағындағы мешіттерді аралап «Зинақорлықтың зардабы» тақырыбында ойлы, ғибратты уағыз-насихаттар жүргізді.
Бұл жұмада Ақтоғай ауданымен қоса басқада аудандарға уағыз-насихаттар жүргізілген болатын. Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Нұрбол Тағаев Қарқаралы ауданындағы «Құнанбай қажы» мешітіне, «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Қайрат Серкебай №1 қалалық мешітте қалың жамағатпен жүздесті. Ал, ақпараттық насихаттық топтың бұл құрамы Ақтоғай ауданына қарасты мына ауыл-аймақтарды аралады: Қарағанды қалалық №1 мешітінің наиб имамдары Ермахан Оралбай «Қуаныш» селосына, Әбілдаев Бақдәулет «Жидебай» ауылына, Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің бас имамы Махмұд Нуров «Береке» селосына, Балқаш қаласының қалалық мешітінің бас имамы Асылхан Рахымжанұлы «Шабанбай би» мешітіне, Бұқар жырау ауданы, «Тегісжол» ауылының имамы Сәкен Мукеев «Сарытерек» ауылына, Бұқар жырау ауданы, «Жыржыс қажы» мешітінің бас имамы Аманбол Мукаев «Тасарал» селосына, Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Хумар Қоныскерей «Нүркен» ауылында уағыз-насихаттар айтып, мешітке жиналған жамағаттың алғысына бөленіп қайтты.


[gallery link="file" columns="5" ids="8931,8932,8933,8934,8935,8936,8937,8938,8939,8942,8943,8944,8986,8987,8988"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары