Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қайырымдылық шара жалғасын тапты
15 тамыз, 2014 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітінен бастау алған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы қалалық №1-мешітте жалғасты. Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының дәстүрге айналған бастамасын жалғастырған бас имам Орманбет қажы Болатұлы жүз балаға арнап мектеп сөмкелері мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарды үлестірді. Осы мешіттен тұрақты көмек көрсетіліп тұратын көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына қайырымдылық көмек көрсеткен бас имам қасиетті жұма күнінде мешітте балалар мен ата-аналарына білімнің артықшылықтары жайында уағыз айтты. Білімді, парасатты, қайырымды, салауатты болуға шақырып еліміздің болашақ жастарына бақыт тілеп ақ батасын берді.


[gallery link="file" columns="4" ids="9004,9005,9006,9007,9010,9011,9012,9013,9014"]
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары