Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Суицид- қоғам дерті
29 тамыз, 2014 жыл 197 Басып шығару нұсқасы

Бүгінде суицид жағдайы күрделі мәселе болып тұрғаны өкінішті. Көбінесе бұл қауіпті дертке оң солын танып үлгермеген жастар жағы барып, қайғылы жағдаймен аяқталып жатыр. Осы себептің алдын алу үшін жер-жерлерде алқалы жиындар өтуде. Бүгін орталық мешіттің азаншысы Арыстан Теңелов, ІІМ Мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері және психолог мамандар бас қосқан жиын өтті.
Жиында сөз алған А.Теңелов: «Өз-өзіне қол жұмсау ислам дінінде ауыр күнәға жатады. Өйткені өзін-өзі өлтіру шариғатта Жаратқанның жазмышына қарсы шыққанмен тең.» -деп, айта келе Исламда өз-өзіне қол жұмсаудың үкімі қандай екені жайын тереңінен түсіндірді. Ниса сүресінің 29-30 аяттарындағы «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге Мейірбан ғой Ал кімде-кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, Біз оны тозақта өртейміз. Олай ету Алла үшін оңай. » деген сөзін тарқатып айтты.
Мамандандырылған күзет басқармасынан келген мамандар суицидке қатысты нақты әрі тұщымды деректерін келтіріп сөйледі. Сонымен қатар «Виктория» орталығының психологы Владимир Ромашков балалар мен жасөспірімдердің жағдайлары жайлы сөз қозғады. Бұл ауыр індеттің алдын алу үшін арнайы мамандар ғана емес бүкіл қоғам болып күресу керек деген түйінмен тарқасты.


[gallery link="file" ids="9265,9266,9267"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары