Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Көп балалы анаға көмек көрсетілді
05 қыркүйек, 2014 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

Асыл дінімізде қиындықта қолұшын беру, тарыққан адамдарға жәрдем беру, қайырымдылық көрсету - парыз.


Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының ұйымдастыруымен қаламыздағы тұрмыстық жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды аралап, қайырымдылық көрсету шаралары өз деңгейінде жүріп жатыр. Орталық мешіттің азаншысы Арыстанбек Теңелов қаламыздағы көп балалы отбасының шаңырағына барып, қал-жағдайларын сұрап қайтты.


Бұл отбасыда жалғыз басты ана төрт бірдей баланы шама-шарқы жеткенінше өсіріп келеді. Екі ұл, екі қыз бала анасының қолғанаты. А.Теңелов балаларға оқуда озат болыңдар деген ізгі тілегін білдіре келе, мешіт атынан балаларға жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке киетін киімдер мен сөмкелерге салынған мектепке қажетті құрал-жабдықтарды үлестіріп берді.


Көп балалы от анасы: «Бізді елеп-ескеріп, іздеп келгендеріңізге бала-шағамызбен бірге қатты қуанып қалдық. Алла әр бір істеріңізге разы болсын.» - деп, өз алғысын білдірді.


[gallery link="file" columns="2" ids="9363,9364"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары