Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бірлік – береке бастауы
08 қыркүйек, 2014 жыл 139 Басып шығару нұсқасы

Дана халқымыздың «судың да сұрауы бар» деген өнегелі өсиеті бар. Қазіргідей мамыражай өмір сүріп жатқанымыз Жаратушымыз Алла Тағаланың біздің халқымызға, қазақ еліне берген ерекше нығметі екенін есімізден бір сәт шығармай саныз шүкірлер етуіміз қажет. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында елімізде берекелі өмір қалыптасып, бейбіт өмірдің ашық аспанында Аллаға деген аманаттарымызды, құлшылық мінәжаттарымызды еркін де ерікті түрде атқарып отырмыз. Мемлекетімізге рухани тірек болып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да еліміздің рухани дамуына, келешегіміздің кемелденуіне зор үлес қосып отыр. Еліміздің барлық мешіттерінде бір тақырыпта, жан-жақты даярланған уағыз жүргізіледі. Кешегі өткен жұма намаздың алдындағы уағыз барысында Қарағанды облыстық дін басқармасының жанынан құрылған «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы Ержан Рымханұлы қонақта болды. Жиылған жамағатты аталмыш орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, мұсылман қауымының арасындағы өзара бірлік пен тұтастықтың маңызы турасында сөз етті. Бейбіт өмірдің қадірін білуге, тыныштықтың берекесін баянды етуге, еліміздің рухани дамуына атсалысуға шақырып, дін басқармасының алдына қойып отырған мақсаттарын атап өтті. Қазақ халқының арасында кеңінен тараған тәрбиелік мәндегі мәтелдердің де хадистермен үндестігін сөз етті. Бірлескен істің берекелі болатындығы ақиқат. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымымен жергілікті дін басқармасының «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс жасауы бірлік атты қастерлі ұғымның тіршілікте баянды болатындығын аңғарта түсті.


[gallery link="file" columns="2" ids="9380,9381"]
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары