Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ислам дінін қабылдап, некесін қидырды
27 қыркүйек, 2014 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

IMG_2673Бүгін мешітімізге Бекзат есімді жігіт келіп үйленгелі жатқанын және қалыңдығының Ислам дінін қабылдаса деген тілегін жеткізді. Өзге ұлттың қызы бұл шешімге өз еркімен келіскенін және асыл дінімізден аздап хабары бар екенін айтты. Қарағанды облыстық орталық мешіттің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы орыс тілінде қасиетті дініміз жайында тереңінен түсіндіріп, кәлиманы қайталап айтқызды. Сонымен қатар, отбасыдағы ер мен әйелдің міндеттерін, парыздарын айтып, Мейірімі шексіз Алла Тағаладан жастардың шаңырақтарына береке, татулық тілеп, құран оқылды. Мәйдә сүресінің 3-ші аятында «Бүгін діндеріңді толықтырдым. Сондай-ақ, сендерге дін етіп Исламға разылық білдірдім» деген құдіреті күшті Алла Тағаламыз. Бүгін міне, мұсылман бауырымздың саны тағы бір адаммен толықты десек болады. Тойының алдында қалыңдығын мұсылмандар қатарына қосып, бүтін бір мұсылман отбасын қалыптастырғысы келетінін айтқан жігіттің бұл ниетіне бізде риза болып қалдық.






Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары