Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас имам дәріс оқыды
30 қыркүйек, 2014 жыл 66 Басып шығару нұсқасы

nomer1300920140001ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен имамдар жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Бүгінгі уақыт талабы заманауи білімді меңгерумен қатар, діни сауатты болуды да міндеттейді. Себебі, дін - рухани ізгі қасиеттердің жиынтығы болғандықтан, өзіне де, өзгеге де зияны тимейтін тұлға болып қалыптасудың қоғамға тигізетін оң әсері мол. Сонымен қатар, дәстүрлі діннің негіздерінен хабары мол адамды «дін атын жамылған» ағымдар ақиқат жолдан тайдыра алмайды. Осындай игі мақсаттарды мұрат тұтқан бас имам Орманбет қажы Болатұлы №1-мешіттің жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып жүрген шәкірттердің басын қосып, иман негіздері тақырыбында дәріс оқып, еркін сұхбат жүргізді. Шәкірттердің дені күнделікті бес уақыт намазға қатысып тұратындықтан бас имам Құран Кәрім сабақтарына қосымша фиқһ, ақида пәндерін кеңейтуді ұсынды. Дәрістерді күнделікті және кешкі уақыттарда өткізу де жоспарланды. Дәріс беруге наиб имамдармен қатар қосымша Астана медресесін тәмамдаған шәкірттер тартылды.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары