Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мереке қарсаңында халыққа жеңілдік ұйымдастырылды
01 қазан, 2014 жыл 73 Басып шығару нұсқасы

Құрбан айт - мұсылмандардың ұлық мерекесі. Бұл күні Алла разылығы үшін мал шалынып, жоқ-жітіктерге жәрдем көрсетілді. Дүйім мұсылман баласы Пайғамбарлардың ісін қайта жаңғыртып, бір-біріне жақсылық жасауға, дінге беріктік танытуға шақырады.
Алла Тағала алдындағы ізгі амалдарды орындау мақсатымен Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб имамы Бекболат Қосмағамбетов қаламыздағы «Жаңа базарға» барып қайтты. Ұлық мерекеміздің қарсаңында саудагерлермен жүздесіп, келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Базардағы мұсылман бауырларға, сауда жасаушы қала тұрғындарына имандылыққа баулыйтын әсерлі уағыздарды насихаттап, Құрбан айтта орындайтын негізгі амалдарды түсіндіріп өтті. Сонымен қатар Б.Қосмағамбетовтың ұйымдастыруымен саудагерлеріміз Алла разылығы үшін және Құрбан айттың құрметіне қала жұртшылығына жеңілдік жасап, тауарларды арзан бағамен сатылымға шығарды. Сыртқы киімдер бағасы 30%-ға, киім-кешектер 20%-ға жеңілдікпен ұсынылса, қысқы аяқ - киімдер 30%, 20%, 10%-ға жеңілдікпен сатылды.
Құрбан айттың қарсаңында жасалған бұл жеңілдік акциясына сатып алушы да, жақсылық жасаған саудагерлеріміз де дән риза.
Ұлық мерекеде игі істер көп болсын!


[gallery columns="4" link="file" ids="9822,9823,9824,9825,9826,9827,9828,9829"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары