Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти – ардагерлер үйінде (ФОТО)
03 қазан, 2014 жыл 85 Басып шығару нұсқасы
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы ардагерлер үйінде болды.

Бас мүфти қазыналы қарияларды қасиетті Құрбан айт және қарттар мерекесімен құттықтап, батасын алды. Өздігінен жүре алмайтын қарияларды зиярат етіп, ахуалымен танысты. Ауруынан айығып кетуін Алладан сұрап, дұға етті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қарттар үйлеріне қайырымдылық шараларын жиі өткізіп келеді. Өткен жылы осы жердегі екі ақсақалымызға кіші қажылыққа тегін жолдама бердік. Биыл осы қарттар үйіндегі Айымторы Тайғаринова апамызды умра қажылығына жебірмекшіміз. Кеше Алматы қаласында өткен рухани кеште Айымторы апамызға кіші қажылықтың сертификатын ресми табыстадық. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Қарттардың жанында береке бар», – деген. Біздің мақсатымыз – жастарымызды ата-ананы құрметтеуге шақыру. Өйткені, ата-ананың разылығы – Алланың разылығында», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бұқаралық ақпарат өкілдеріне берген сұхбатында.

Игілікті шарада ардагерлер үйіне үлкен кілем сыйға берілді.8e9cb061b89568cd61fd02e25fbeacdc 37fe8d1dadc7348ad7229f6a4d0f9771 5ff36d8fb4de02a4258e1b24fbcc248f 9dd7b346ed758612445b675a2a492b9f 87e26096adbd287a58263f201e2a8f6e a2a534c6ce1f972e217c86d9e6102496 a58592b44cfd1f1ba827aa881ca99042

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары