Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жомарттық жаннатқа жетелейді
10 қазан, 2014 жыл 163 Басып шығару нұсқасы

«Зекет» қорының атынан бүгінгі уақытқа дейін көптеген игі шаралар өз деңгейінде атқарылып, халықтың көкейінен шығып келеді. Жекелеген әлеуметтік аз қамтылған жанұялардан бастап, мүгедектер қоғамы, жетім балалар үйі мен қарттарға арналған мекемелер «Зекет» қорының назарынан тыс қалған емес. Бұның бәрі жүрегі мейірімді, жомарттықпен нұрланған жандардың зекет қорына қосқан үлестерінен жүзеге асып отыр. Мұсылман қауымының ұлық мерекесі құрбан айтында осы игі істерді жалғастырып, қордың директоры Бабағалиев Базарбай «Облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайы» мекемесіне арнайы қонаққа барып бүлдіршіндермен жолықты. Әрдайым қол ұшын беріп тұруды әдетке айналдырған Базарбай Ағылманұлы құрбан айтының құрметіне төрт қойдың етін, жылы киім-кешектер, балаларға арналған тәттілер және төсеніш кілем сыйлады. Жүздері бал-бұл жанған балаларға ақ батасын беріп, жалпы ұжымды ұлық мерекемен құттықтады.
Пайғамбарымыз с.ғ.с хадисінде: «Жомарттық – жаннаттағы ағаштардан бір ағаш, бұтақтары осы дүниеге қарай салбырап тұрады. Кім оның бір бұтағын ұстаса, ол бұтақ оны жаннатқа алып барады», - деген. Осындай жаннатқа жетелейтін амалдарымызды артығымен атқарып, Алланың разылығына бөлене берейік!


[gallery link="file" columns="5" ids="10045,10046,10047,10048,10049,10050,10051,10052,10053,10054,10055,10056,10057,10058,10059"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары