Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Спорттық ойындардан жарыс өткізілді
10 қазан, 2014 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

Бұқар жырау ауданы «Жыржыс қажы» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық «Сарыарқа» спорт мектебінде «Шынығамыз!Жүгіреміз!Жеңеміз!» атты ұранмен спорттық ойындардан жарыс өтті. Құрбан айттың құрметіне орай ұйымдастырылған бұл шараға жасөспірімдер арасында қазақша күрес, теннис, футбол сынды ойындар ойнатылды. Жарыста бағын сынаған спортшылар арасынан кіл мықтылар анықталып, арнайы марапаттау қағаздары мен бағалы сыйлықтар үлестірілді. «Жыржыс қажы» мешітінің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы мен аудан әкімінің орынбасары Е.Б.Құсайынның қатысуымен өтіп, барлық қатысушы жас өрендерге алғыс білдірілді. Жеңімпаздарға Аманбол қажы Рымқұлұлы: «Салауатты өмір салтын сақтаңыздар, ардақты Пайғамбарымыз да «Спортқа баулуға орай балаларыңды жүзуге,садақ атуға үйретіңдер»- дегені бар. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақ жастардың қолында» деген, біз сіздерден үлкен үміт күтеміз, болашақта тек жеңіс тұғырынан көтеріліп мәртебелеріңіз арта берсін!» - деп ақ батасын берді.


[gallery link="file" ids="10084,10085,10086"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары