Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Сауапты істер сабақтасты
10 қазан, 2014 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет діни істерді өрістетумен қатар, қайырымдылықты жер-жерде дамыту барысын жолға қойды. Осыны негізге алған Қарағанды облыстық мешітінің өкіл имамы Өмірзақ қажы өңірге қарасты мешіттерде игі істерді барынша өрістетуді міндеттеген болатын. Осы орайда №1-мешіт тарапынан 150 жанұяға құрбан еттері үлестірілді. Мешітке келе алмайтын кісілердің отбасыларына жеткізілді. Бас имам Орманбет қажы Болатұлы қаламыздағы қайырымдылықты қажет ететін төрт мекемеге арнайы барып, көмек қолын созды. Олар «Дамуында кемістіктері бар балаларға арналған «ҮМІТ» облыстық оңалту орталығы» КММ, «Облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайы» КММ, «Арман» мүгедектер қоғамы, «Әсем» жетім балалар үйі. Аталмыш мекемелерге қой еттерінен, азық-түліктен, сусындардан, тәттілерден тарту етілді. Мекеме басшылары дін қызметкерлерінің қалтқысыз жасап тұратын сый-сияпаттарына алғыс хат тапсырып, жарымжан балалардың атынан ақ алғыстарын білдірді.


[gallery link="file" columns="4" ids="10089,10090,10091,10092,10093,10094,10095,10096"]
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары