Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасымен көшеттер отырғызылды
14 қазан, 2014 жыл 111 Басып шығару нұсқасы
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Балқаш қалалық мешітінде абаттандыру шаралары жүргізілді. Биыл  әдеттегідей мешіт аумағы, гүлдердің, талдардың айналасы тазартылды. Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажының  ұйымдастыруымен, әкімшілікпен келісе отырып, мешіт ауласына көшеттер мен гүлдердің тұқымдары  алынды.  Нақтырақ  айтсақ 20 түп қарағай ағашы, 20 түп терек, 8 түп шырша және  алма ағашы отырғызылды. Сонымен бірге  жаз мезгілінде себілген  гүлдердің тұқымдары жиналды. Асыл дінімізде  тазалық  атаулысына қатты мән берген. Осы мақсатпен мешіт айналасындағы қорған сырланып,  тазалық жұмыстары толық жүргізілді.20141010_152112 20141010_152230 20141010_152332 20141010_152408 20141010_152740 20141010_161320 20141011_121759 20141011_121938

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары