Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жыржыс қажы» мешіті қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
14 қазан, 2014 жыл 165 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына  сай Бұқар жырау ауданы «Жыржыс қажы» мешіті қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.


Акция Ботақара  кентінен бастау алды. Ауданның бас имамы  Аманбол қажы Рымқұлұлы мен  мешіт азаншысы  Акошев Рүстем  тұрмыстық жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың шаңырақтарын аралап, қал-жағдайларын сұрап қайтты.  Имамдар 9 үйдің  балаларына  қыс мезгіліне арналған сыртқы киімдер, жейделер мен  көйлектерді таратып берді.  Сондай-ақ  азық-түліктерден   ұн, ет және картоптарды  үлестірді. Әр бір отбасының шаңырағына барғанда  имамдар ғибратты әңгімелер, әсерлі уағыздар жүргізді.


Бас имам: «Аудандық мешттің атынан қарттарымызға,  әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға, тағы басқа мұқтаж жандарға  шама-шарқымыз  жеткеніне қарай  қайырымдылық  шарасын жиі  өткізіп тұрамыз.  Ал бүгінгі  ізгі шара  Алла бұйыртса  алда  жалғасын табатын болады.»-дейді.


Алла Тағала әрбір істеріңізге береке-бірлік берсін деп тілейміз.1 2 3

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары