Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти жаңа мешіттің іргетасын қалады
17 қазан, 2014 жыл 153 Басып шығару нұсқасы
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Солтүстік Қазақстан облысына ресми сапармен барды.

Бас мүфти Айыртау ауданының Қарасай батыр ауылындағы жаңа мешіт құрылысының алғашқы іргетасын қалады. Ауыл тұрғындары алдында сөз алған ол қазақ халқының азаттығы жолында күрескен Шапырашты Қарасай мен Арғын Ағынтай батырлардың өнегелі өмірі ұрпақ үшін мәңгі үлгі болатынын айтты.

«Киелі Айыртау өңірінде құрылысы басталған жаңа мешіт халықтың діни сауатын ашуға, білімнің, бірлік пен игіліктің ордасына айналады деп сенемін. Рухани орталыққа келетін жастар елдің игілігі үшін қызмет етпек. Осынау сауапты іске атсалысқан азаматтарға Қазақстан мұсылмандары және өз атымнан алғыс білдіремін. Мешіт салған адам үшін жәннатта сарай салынады», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Игі іс-шарада қасиетті Құран аяты оқылып, Бас мүфти елдің бірлігі мен ынтымағы үшін дұға жасады.

[gallery ids="10320,10321,10322,10323"]

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары