Бүгін мешітімізге Дүйсенбай атты ақсақал келіп, Валентина есімді құрдасымен неке қидыртсақ деген ниетін жеткізді. Алдымен апамызға өз қалауымен қазақша Бақыт есімі беріліп, Ислам дінін қабылдаймын деген тілегі орындалды.
Мешітіміздің наиб имамы Серік Құрманов үлкендерімізге асыл дініміз жайында толық мағлұмат беріп, кәлима-шаһадатты қайталап айтқызды. Неке қиылған соң, естелік болсын бұл күннен деп мұсылманша неке куәлігін жаздыртып алды.
Бұл жайында ақ некеге куәгер болған ақсақал: «Бұлар қартайғанда ерікті демеңдер. Екі замандасымда жолдастарынан ертеде айырылған. Жалғыздан жалғыз жүрген болмас, некелеріңді қидырсаңдар деп айтқан едік. Міне, бүгін Алланың қалауымен Серік бауырымыз Исламды қабылдатып, некелерін қиды. Бұлда бір үлкен іс болды. Енді замандасым шүйіркелесіп отыратын болды. Біз қуаныштымыз» -деп, ағынан жарылды.
Мәйдә сүресінің 3-ші аятында «Бүгін діндеріңді толықтырдым. Сондай-ақ, сендерге дін етіп Исламға разылық білдірдім» деген құдіреті күшті Алла Тағала.
Қарағанды облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
Пікірлер