Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қайырымдылық - жақсы қасиет
27 қазан, 2014 жыл 15 Басып шығару нұсқасы
Қасиетті дініміздегі негізгі құндылықтардың бірі – қайырымдылық көрсету. Мүмкіншілігі шектеулі, тұрмыстық жағдайы болмай тарыққан адамдарға қолұшын беру қайырлы да сауапты іс. Қайырымдылық жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақиқат байлық - мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық - кеңпейілділік, қайырымдылық», -деген.

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы  Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасы бойынша бүгін екінті  намазының алдында  орталық мешіттің  наиб имамы  Мерей Жақия қаламыздағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасының шаңырағына барып қайтты.

Үй иелерінің денсаулықтарын, жалпы күнкөріс жағдайларын сұрап, азды-кем сұхбаттасты. Сабырлылық төңірегінде уағыз айтып, мейірімі шексіз Алла Тағаладан күдер үзбеуге, жақсы дұғаларды тілеуге  үндеді. Сондай-ақ мешіттен ала барған азық-түліктерді үй иесіне табыстады.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="10788,10789,10790,10791,10792,10793"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары