Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти Жаңаөзенде өткен конференцияға қатысты
01 қараша, 2014 жыл 91 Басып шығару нұсқасы





Жаңаөзенде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен  «Дін -қоғамның рухани тірегі» атты конференция өтті.  Жиынға Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымов,  облыс имамы Смайыл  Сейтбеков, облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасының басшысы Алқажан Еділхан Меделұлы , сондай ақ, қала тұрғындары мен ақсақалдар қатысты.

Жиында Бас мүфти  биылғы «Дін мен дәстүр» жылы аясында жастарды адамгершілікке, имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелейтін, Отансүйгіштікке баулитын, спортпен шұғылдануға үндейтін үлкен іс-шаралар өткізіліп келе жатқандығын айтты.  Еліміздегі жат ағымдардан бойды аулақ салып, діңгегімізді сақтау, имандылықты жас ұрпақтың бойына сіңіру бүгінгі орта буынның міндеті екенін жеткізді. «Діні мен дәстүріне берік  ұрпақ жат ағымдардың жетегіне еріп, әдепсіз әрекеттерге бой алдырмайды. Баршаңызға белгілі, Кеңес кезінде дініміздің сақталып қалуына, осы күнге дейін жетуіне негізгі әсер еткен күш – ол дәстүр болатын»,- дейді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Конференцияға жиналған қала тұрғындары тарапынан сұрақтар қойылды. Аймақ ақсақалдары жастардың өзге дінге кетіп жатқандығы, кісісі қайтыс болған үйдің садақа берудегі ысырапшылдықтары, өзге ұлттарға ат қойып кемсіту, т.б. сауалдарына бас мүфти тарапынан жауап алды.

Жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, салиқалы да сарабдал ойларын ортаға тастаған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы  жаңаөзендіктерге  шүкіршілік нығметі жайында уағыз насихат айтып, ел тыныштығына әрқайсысымыз үлесімізді қоса білейік деп қоштасты.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары