Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақпарат насихат тобы Ақтауда
03 қараша, 2014 жыл 101 Басып шығару нұсқасы
Жергілікті мешіттерде жамағаттармен жүздесіп, жұма намаздарын өткізуді жоспарға енгізген өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай №1-мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы Теміртау қаласына қарасты, Ақтау кентіндегі мешітте «Мухаррам айы және ашура күні» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын өткізді. Намаздан соң үлкен-кіші жамағаттармен сұхбат өрбіді. Шағын кенттегі мешіттің жұмыстарын үйлестіріп отырған Фазыл қаридың имам болып тағайындалған бір жыл ішінде игі істер атқарылған екен. Қолы қалт етіп мешітке келген кісілерге дәріс өткізіп, кеңес беріп отырады. Мешітке еден арқылы жылыту қондырғыларын орнатып, жетпіс орындық асхананы күрделі жөндеуден өткізген. Мешіт іші мұнтаздай таза. Алыстан көзге шалынатын мұнара орнатқан. Отын, көмірге арналған қосалқы бөлме жасатқан. Мешітке түсетін түсім мардымды болмаса да Алланың разылығын табуды мақсат етіп, қалауын тауып қызмет етіп отырған имамның осы ісі өзгелерге де үлгі етуге тұрарлық.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="11167,11168"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары