Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Студенттермен  жиын өткізілді
03 қараша, 2014 жыл 86 Басып шығару нұсқасы
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай Қарағанды өңіріндегі  «Жалпы және жастар ісі бөлімінің» ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстаздары Нұрбол Тағаев пен Мұхит Жаримбетов Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің  жатақханасында  өткізілген кездесуге барып қайтты.

Бұл кездесудің мақсаты – студенттерге   қасиетті дініміз бен   ел арасында бүлік шығарып жүрген  өзге ағымдардың  ара-жігін кеңінен түсіндіру және бір-біріне байланысы жоқтығын үндеу.

Жиында экстремизм, терроризмдердің төңірегінде  болып жатқан келеңсіз жайттардың жайы қозғалып, нақты деректер келтірілді. Сондай-ақ  жастарға өзге бағытты ұстанып, елді арандатып жүрген мақсаты түсініксіз топтардың қисынсыз іс-әрекеттерінен сақ болуға үгіт-насихат жүргізілді. Н.Тағаев жас өрендерге асыл дініміздің құндылықтары мен ізгі амалдары жайында кеңінен айта келе: «Ислам — әділдікті, қарапайымдылықты, ізгі жолды, игі жақсылықты ту еткен асыл дін», — деп сөзін аяқтады.

[gallery link="file" ids="11171,11172,11173,11174,11175,11176,11177,11178,11179,11180"]

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары