Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ашура күніне ауызашар берілді
04 қараша, 2014 жыл 15 Басып шығару нұсқасы
Ашура күні — Ислам әлеміндегі  қасиетті күндерінің бірегейі.  Бұл күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ораза ұстап, мұсылмандарғада ауыз бекітіп, ізгі  амал жасауды, сауапты істер атқаруды өсиет еткен.

Қарағанды өңіріндегі мешіттерде жыл сайын  игі дәстүрмен ораза ұстаған жандарға арнайы ауызашар өткізіп келеді.  Биылда ашураның алғашқы күні Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешіті  қаламыздағы зиялы қауым өкілдеріне, соғыс ардагерлері мен мешіт ақсақалдарына  арнайы дастархан жайды.

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жиналған барша жамағатқа ашура күнінің маңыздылығын айтып, тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын деп ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ, ақ дастархан басында әсері мол әңгімелер мен ашура күні жайлы уағыз-насихаттар айтылды.

Әбу Ләйіс Самарқанди (р.ғ) иснадымен Абдулла ибн Аббастан (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқанын жеткізді. «Кімде-кім Мұхаррам айының 10-шы күнін, яғни Ашура күнін оразамен өткізсе, он мың періштенің, он мың қажылық пен ғұмраның, он мың шаһидтің сауабын береді және сол күні бір жетім баланың басынан сипаса, сол баланың басында қанша шаштың түгі болса, соншалықты дәрежесін көтереді, ал сол күні ашура күнінің құрметіне ораза ұстаған адамның аузын аштырса, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бүкіл үмметіне ауыз аштырып, тойдырғандай сауап алады.

[gallery link="file" ids="11201,11202,11203,11204,11205,11206"]

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары