Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Елбасының Ержанға жазған хатынан барлық жастар тәлім алуы тиіс
04 қараша, 2014 жыл 21 Басып шығару нұсқасы
Жақында 10 жастағы алматылық Ержан Исабаев есімді оқушының Елбасыға хат жазып, туған күніне шақырғаны көпшіліктің аузында жүр. Ал оған Мемлекет басшысының арнайы уақыт бөліп жазған жауабы да оқырман қауымға тарап үлгерді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл 2006 жылы Наурызбай Батырдың 300 жылдығына арнап жасаған ескерткіштің ашылу рәсімі. Бұл кезде Елбасы көтеріп тұрған Ержан есімді хаттың иесі 2 жасқа толмаған бүлдіршін болатын.

Ержан Исабаев бұрын Елбасымен кездескен екен. Әрине, ол кезде небәрі екі жаста, тіпті толмаған шағы. Ержанның әкесі Бауыржан Исабаев бұл туралы «Осыдан 8 жыл бұрын Алматы қаласында Наурызбай Батырдың ескерткіші ашылып, ұлым Ержан екеуміз аталмыш шараға барған едік. Қуанышымызға орай сол шараға Президент Нұрсұлтан Назарбаев та келді. Ол бізге жақындап Ержанды қолына алды. Мұндай қуанышты сәтті пайдаланып «Бата беріңіз!» деп ұсыныс жасадым. Бізді суретке түсірді. Содан осы сурет барлық БАҚ беттерінде дүркін-дүркін жарияланып танымалдыққа ие болды» дейді.


«21 қазан күні ұлым 10 жасқа толды. Туған күнін атап өтпес бұрын үйде кімдерді шақыратынымызды талқыға салды. Сыныптастарды, көршілерді шақырайық деп жатқанда ұлым Ержан «Әке, туған күніме Президентті шақырайықшы! Ол үшін не істеу керек?» деді. Сосын мен «Сен туған күніңе достарыңды қалай шақырасың? Шақыру бересің ғой, міне сол сияқты шақыруды Президентке де жаз!» деп жауап бердім. Содан Ержан үлкен ұлым Нұржан екеуі ақылдасып балаларға арналған бөлмеге кетті. Арада 40 минут өткен соң маған Президентке жазған хатты қолыма ұстатты. Таңғалдым. Ертесіне ұлымды ертіп ап «Қазпочтаға» бардық. Ұлым хатқа түсінікті болу үшін «Президенттің өз қолына» деп жазып қалдырды» дейді Бауыржан Исабаев.

Тіпті 10 жастағы Ержан Елбасыға жазған хатында үлкен ағасы екеуі Президентке көмектесуге әрқашан дайын екендігін де көрсетіпті.

«Ең қуаныштысы, ұлымның хаты Президенттің қолына жетіпті. Елбасы ұлымның хатына арнайы жауап жазып, Алматы әкімшілігіне жіберіпті. Сосын барып біздің қолымызға тиді. Қазір ұлымның қуаныштан төбесі көкке бір елі ғана жетпей жүр. Мен ұлыма «Елбасы саған жақсы оқысын, болашақта тек жақсылыққа ұмтылсын» деп хаттағы жауапты оқып бердім» дейді Ержанның әкесі.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев хатта Ержанның тілектеріне алғысын білдіріп, 8 жыл бұрынғы кездесуін ұмытпағанын атап өтіпті. Отанға қызмет етудің зор бақыт екенін айтып, ол үшін көп білім алу керектігін де жазыпты. Бұл – Елбасының Ержанға берген жауабы ғана емес, Ержан сияқты миллиондаған оқушыларға айтқан өнегелі сөзі деп ұқса да болады.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары