Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ұзақ ұйқыдан мұсылман боп оянды
06 қараша, 2014 жыл 103 Басып шығару нұсқасы


bc85479c5886884f722e1c94aad461b5Индонезиядағы Ява аралының котолик дін қызметкері, еріктілермен бірлесіп шіркеудің шатырын жөндеп жатқан кезде құлап комаға түскен еді. 17 айдан кейін ұзақ ұйқыдан оянған 87 жасар қарияның айтқаны таң қалдырмай қоймады.




Ол ұзақ ұйқыда жатқанда  Жаратушының аяны түсіп, жаратылыстың құпия сырлары мен жұмақтың алтын қақпасын көргенін айтқан. Бұл жайлы» Islamic News Daily» хабарлады.«Мен бұл дүниеде Ислам діні жайлы естігенім болмаса, ешқашан Құранды оқымағам. Жалпы, бұл дін жайлы білерім жоқтың қасы. Жаратушы маған хақ діннің қайсы екенін бейне бір тылсым күштермен көрсетіп, осы жолға түсіп, одан таймау керектігін айтты" дейді Эдуард әкей. Биіктіктен құлап, сүйектері сынып, жүрегі бірнеше рет тоқтап қалған 80-ді еңсерген адамның дүниеге қайта келгендей болып оянуы медицина мамандарын да таң қалдырмай қоймады. Ал дін қызметкері өзінің жай ғана комадан тұрмағанын, сонымен қатар, ислам дінінің кереметтері мен құндылықтары жайлы біліп, мүлде басқа адам болып оянғанына шүкірлік етеді.

Испаниялық бұл қария 43 жыл бойы өз дініне адал қызмет еткен, Яван тілі мен басқа да көптеген этникалық топтардың тілін білген құрметті адам болса керек. Оның ислам дініне аса ден қоюы өзгелерді абдыратып тастаса керек. Десе де оның ізбасарлары арасынан оның жаңа болмысына тәнті болып, оның ізіне ергісі келіп отырғандары да жоқ емес. «Егер жаратушы - Алла болса, мен өзгелерді адастырмай тура жолға бастауым керек» деді ол. Бүгінде қария мешіт салу ісіне білек сыбана кіріскен деседі.


e-islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары