Бүгін Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Валерий Цой ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қабылдауында болды.
Ресейден келген қонақ Ресей Федерациясы, Кемерово губерниясының 1-ші губернаторы Аман Тулеевтің аманатын арнайы тапсырғалы мешітке келіпті.
В.Цой 1-ші губернатордың ыстық сәлемін жолдай отырып, "За веру и добро" атты төсбелгісі (медаль) және куәлігін үлкен құрметпен табыстады. Сондай-ақ, қос мемлекет арасында татулық мәңгі болғай деген ниетпен жақсылық, тыныштық, береке-бірлік тілесті.
Пікірлер