Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жас қари ижаза алды
11 қараша, 2014 жыл 211 Басып шығару нұсқасы
bd8af7a3a4c2e03d1c7c252ee72b731dҚазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Көктебе» қариларды даярлау орталығының шәкірті Яхия Құрбан Сансызбайұлы Пайғамбарымыздан (с.а.с.) бері келе жатқан қарилардың алтын тізбегіне қосылып ижаза (анықтама) алды.

Айта кетерлігі Яхия Сансызбайұлы еліміздегі білімді, білікті ұстаздардың бірі Абдулла Әкбар Әлінің батасын алып, хафс қырағаты бойынша ижазасын иеленді. Қазіргі уақытта жас қари аты мәшһүр Әл-Азһар университетінде (Египет) білім алуда.

Яхия Құрбан дінге қызмет ету асыл мұраты екенін айта келе: «Білімімді одан әрі арттыру мақсатында Мысырдағы Әл – Әзһар университетінде оқып жатырмын. Хафс қирағаты бойынша ижаза алдым. Қасиетті Құран Кәрімді толығымен жатқа біліп, қирағатпен оқу оңай емес, әрине. Ол үшін үлкен еңбек пен асыл дініміз Исламды құрметтей білетін шынайы ықылас керек. Алдағы уақытта білімімді жетілдіріп хақ дініміз Исламға, елімізге қызмет ету басты арманым», - деді.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары