Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Түсік тастаудың зияны жайында уағыздар жүргізілді
18 қараша, 2014 жыл 14 Басып шығару нұсқасы
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай, «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Мерей Жақия Қарағанды мемлекеттік медициналық колледжінде өткізілген жиынға барып қайтты.

Әр саланың мамандары мен аталмыш колледждің студенттері жиналған дөңгелек үстелде "Отбасылардың ажырасуының негізгі себебі неде?", "Түсік тастаудың зияны" сынды өзекті мәселелер төңірегінде тарқатыла айтылып, кейінгі буын жастарға маңызы зор мәліметтер берілді.

Сонымен қатар, М.Жақия жиналған жастарға дәстүрлі дініміздің көркемдігі жөнінде әсерлі әңгімелер мен уағыздар насихаттады. Ары қарай өзге ағымдардың жүрігізіп жатқан теріс іс-әрекеттерінен сақ болуға үндеді. Жалпы дінге қатысты сауалдар болса міндетті түрде мешіттің ұстаздарына, имамдарына жолығуға кеңес берілді.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен кітаптарын, сайттарын, имани басылымдарын қараған абзалырақ екенін айтып өтті.

Жиын соңында жастарымыз өздерінің ойларымен бөлісе келе, мамандарға түрлі тақырыпта сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.

[gallery link="file" ids="11892,11893,11895,11896,11898"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары