Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Алла елшісінің балалары  
19 қараша, 2014 жыл 19 Басып шығару нұсқасы
4

Алла елшісі Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жеті баласы болған: үш ұл, төрт қызы.

Ұлдары: Қасым, Абдулла, Ибраһим.

Қыздары: Зейнеп, Рукият, Фатима, Үммігүлсім.

Алты баласының анасы – Хадиша анамыз, ал жетінші баласы Ибраһимнің анасы – Марият анамыз.

Тұла бойы тұңғыш баласы Қасым екі жас шамасында қайтыс болған.

Екінші баласы Зейнеп. Оны анасы жағынан немере туысқаны болып келетін Асаға тұрмысқа берген. Ол Әли есімді ұл мен Умамат есімді қыз бала дүниеге әкелген. Зейнептің жұбайы Аса Исламды қабылдағанға дейін Бадре жанында тұтқында болады. Зейнеп жұбайын тұтқыннан босатып алу үшін анасы тойына сыйлаған алтын алқасын жібереді. Алла елшісі сонда қызын аяп, Асаны кепілсіз босатуға бұйырады да ол босағаннан кейін Зейнепті Мединеге жіберуін талап етеді. Осыдан кейін Аса өз еркімен Исламды қабылдап Мединеде қоныс тебеді. Сонда Алла елшісі оған Зейнепті қайтарады. Хижраның сегізінші жылында Зейнеп дүние салады. Зейнептің қызы Халатты Пайғамбарымыз қатты жақсы көрген. Фатима қайтыс болғаннан кейін Халатқа Әли үйленген.

 

Пайғамбарымыздың үшінші баласы - Рукият. Әуелгіде Рукиятты Әбу Лахабтың бір ұлына тұрмысқа берген. Әбу Лахаб Алла елшісіне қасақана ұлын Рукияттан ажырасуға мәжбүрлейді. Ажырасқаннан кейін Рукиятты Усманға тұрмысқа береді. Осы некеден ұл бала дүниеге келеді, кейін қайтыс болған. Бадре жанында болған соғыста Рукият ауырып қайтыс болады. Жұбайын күтіп, Усман соғысқа қатыса алмаған. Усманмен бірге Рукият екі рет қоныс аударған, біріншісінде Эфиопияға, екіншісінде Мединеге.

 

Алла елшісінің төртінші баласы – Фатима. Алла елшісі Фатиманы қатты жақсы көрген. Оны Әлиге тұрмысқа берген. Пайғамбарымыз қызына: «Адамдар арасында өзі ең қатты жақсы көретін адамға тұрмысқа бергенін» айтқан. Фатима Хасан, Хусейн, Мухсин (жас кезінде қайтқан), Үммігүлсім, Зейнеп есімді бес баланы дүниеге әкелген. Фатиманың мінез-құлқы әкесіне ұқсаған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Фатима – менің жанымның бір бөлшегі, оны ренжіткен адам мені ренжіткені»-деген.

Алла елшісі өлерінің алдында Фатимаға тіл қатып, бірдеңе айтады. Сонда Фатима жылайды. Содан кейін ол тағы бірдеңе айтады. Сонда Фатима қуанады. Айша анамыз мұның себебін сұрағанда  Фатима: «Алла елшісі ажалының жақындағанын айтты, менің жылаған себебім сол. Сосын өзін балаларының арасында менің ғана соңғы сапарға шығарып салатынымды және жұмақта әйелдер арасында үлкені болатынымды айтқанда қуандым» деген.

Әкесі қайтқаннан кейін алты айдан кейін Фатима көз жұмады. Ол кезде  28 жаста болған. Пайғамбарымыздың ұрпағы осы Фатимадан ғана өрбиді. Хасан мен Хусейннен ұрпақ жалғасқан. Бұл тұқымнан шыққан адамдар шариғат талаптарына берік, Исламға адал болған. Олардың ұрпағы қазір де бар. Олардың есімдерінің алдында «ас-саййид» сөзін қосып айтады.  Бұл сөз – Мұхаммед Пайғамбардың ұрпақтары екенін білдіреді.

 

Хадиша анамыз бен Пайғамбарымыздың бесіншсі баласы – Үммігүлсім.

Әуелде ол Әбу Лахабтың басқа бір ұлында тұрмыста болады. Ерінің отбасы Исламды қабылдаудан бас тартқанда ол ажырасып, әкесінің қасында қалады. Рукият қайтыс болғаннан кейін Рукиятты Усманға тұрмысқа береді. Осыдан кейін Усманды «Зуннурайн» (екі шырақ иесі) атап кеткен. Үммігүлсім мен Усман екеуі алты жыл отасады. Хижраның тоғызыншы жылында Үммігүлсім дүние салған.

 

Пайғамбарымыздың алтыншы баласы – Абдулла.  Оны Тайиб, Тахир («таза, пәк» деген мағынаны білдіреді) деп те атаған. Ол Мұхаммедке пайғамбарлық дарығаннан кейін туған. Жас кезінде қайтыс болған.

 

Хижраның сегізінші жылы Пайғамбарымыздың жетінші баласы Ибраһим туған. Оның анасы Марият. Марият Египет билеушісінің Пайғамбарымызға сыйға тартқан күңі болған.  Ибраһимнің туғанына жеті күн болғанда Пайғамбарымыз қой сойып, елге күміс таратқан. 17-18 айлық шамасында Ибраһим қайтыс болады. Ұлы қайтыс болғанда Пайғамбарымыздың жылағанын көргендер «О Алланың елшісі сен де жылайсың ба?» -  деп сұрайды. Сонда  Пайғамбарымыз: «Көзімде жас, жүректе мұң. Бірақ біз ешқашан Алланың қалауына қарсы шықпаймыз»-деген екен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары