ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жылдағы дәстүр бойынша жыл соңына қарай өңірге қарасты мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылған жұмыстардың барысын қадағалайды. Облыстық мешіттің наиб имамдарын да қала, аудан мешіттерін аралап, ондағы іс-шаралар мен жалпы шаруашылық істердің жүргізілу барысымен танысуға іс-сапарға жіберді. №1-мешітіне арнайы келген өкіл имамды бас имам Орманбет қажы Болатұлы мешіттің қызметкерлерімен бірге күтіп алып, діни істердің барысы мен іс қағаздарының жүргізілуі, шаруашылық жұмыстар, жамағаттардың жағдайы т.б жайттардың орындалуы жайында ақпар берді.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер