Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бақылау жұмыстары жүргізілуде
25 қараша, 2014 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

IMG-20141125-WA0011Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб имамы Дархан Асылтайұлы басқару, бақылау жұмыстарымен Бұқар Жырау ауданына барып қайтты.


Д.Асылтайұлы ауданға қарасты мешіттердің ахуалын, жалпы тыныс-тіршілігімен танысып, атқарып жатқан бірқатар шаруаларының есебін, жоспарларын тыңдады. Оның ішінде: өткізіліп жатқан қайырымдылық шаралары, шәкірт тәрбиелеу ісі, бекіткен уағыздардың насихатталуы, имани басылымдардың жазылу барысы, қыс мезгіліне мешіттердің толықтай дайынығы   сынды бірқатар шаруалармен айтылды. Арықарай берілген тапсырмалардың орындалуымен қатар облыстық орталық мешітке беріп жатқан ақпарлары, мақалалары, апталық есептің уақытылы жіберілуі сөз болды.


Алдағы уақытта мұндай жиындар өкіл имамның тапсырмасымен  жиі өткізіліп тұратын болады.


Жиын соңында құран бағышталып,  имамдар үлкен жауапкершлікпен  жүйелі, нәтижелі жұмыстар атқарамыз десіп тарқасты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары