Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бақылау жұмыстары Қарқаралыда жүргізілді
28 қараша, 2014 жыл 9 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Қарағанды облысына қарасты барлық мешіттерде арнайы басқару, бақылау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін Абай, Бұқар Жырау, Нұра, Оскаровка аудандарының жұмыс жүргізілу барысы тексерілген болса, бүгін Қарағанды облыстық мешіттің наиб имамы Мерей Жақия Қарқаралы ауданындағы мешітке барып қайтты.
"Құнанбай қажы" атындағы мешіттің бас имамы Әміржан Әшімұлы жыл бой өткізіліп келген қайырымдылық шаралары, шәкірт тәрбиелеу ісі, бекіткен кесте бойынша уағыз-насихаттың өткізілуі, имани басылымдарға жазылу барысы, қыс мезгіліне мешіттердің толықтай дайындығы сынды бірқатар шаруаларды ретімен түсіндіріп, есеп жүргізді. Ары қарай жүйелі жұмыстардың жетістіктері мен нәтижелері айтылды.


Сонымен қатар, имамдар Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының имамдарға арнайы бекіткен тапсырмалары мен үндеу хабарларына жіті мән беретіндігіне кеңірек тоқталып өтті.


[gallery link="file" ids="12354,12353,12352,12351"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары