Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Отбасының құндылықтарын бағалауға шақырды
29 қараша, 2014 жыл 18 Басып шығару нұсқасы
Жастармен жан-жақты жұмыс жасауды мақсат етіп Қарағанды қаласындағы гуманитарлық колледж студенттерімен «Отбасының имиджін қалыптастыру» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге №1-мешітінің наиб имамы Байсенбаев Хайролла қатысты. Жастар арасындағы жат қылықтардан тыйылу жайында басталған сұхбат «Түсік тастаудың зияны» және «Отбасылардың ажырасуының негізгі себебі неде?» деген қоғамдағы келеңсіз құбылыстар жайындағы тақырыптармен жалғасты. Наиб имам өз кезегінде жастардың болашақ өмірінде кездесетін сынақтардан сүрінбей дұрыс жол таңдап, адамдық қасиеттермен мұсылмандық міндеттерге адал болуға үндеді. Жалынды жастар да осы кездесудің мәнді өтуі үшін өздері тарапынан осы тақырыптарға қатысты өз үндерін қосып, алдын-ала дайындаған баяндамаларын оқып таныстырды. Жан-жақты өткен дөңгелек үстелдің барысында Отанымыздың болашағы жастардың санасына ізгілік дәні себілді.

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="12411,12412,12413"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары