Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Бала қажы" мешітінің есебі тыңдалды
01 желтоқсан, 2014 жыл 176 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен басқару, бақылау жұмыстары Қарағанды облысына қарасты барлық мешіттерде жүргізілуде. Қарағанды облыстық орталық мешіттен сайланған наиб имамдар өз кезегінде мешіттерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысады сондай-ақ  жыл бойы атқарған жұмыстарының  есебін тыңдайды. Атқарылған шаруалар жан-жақты талқыланады.  Осы  бірізділікпен бірнеше аудандар тексеріліп, істері мақұлданған болатын. Жақында Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Серік Құрманов Қарағанды қалалық "Бала қажы" мешітіне барып  келді.


С.Құрманов мешіт ұжымымен жиналып жүргізілген шараларды,  жүктелген тапсырмаларды отырыс барысында ортаға салды.   Оның ішінде: өткізіліп жатқан қайырымдылық шаралары, шәкірт тәрбиелеу ісі, бекіткен уағыздардың насихатталуы, имани басылымдардың жазылу барысы, қыс мезгіліне мешіттердің толықтай дайынығы   сынды бірқатар шаруалар  қозғалды. Ары қарай берілген тапсырмалардың орындалуымен қатар облыстық орталық мешітке беріп жатқан ақпарлары, мақалалары, апталық есептің уақытылы жіберілуі сөз болды. Жиын соңында алға қойылған негізгі жоспарлар кеңінен айтылды.


IMAG0876                       IMAG0878

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары