Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстанның «Ел ағасы» атағына ие болды
03 желтоқсан, 2014 жыл 99 Басып шығару нұсқасы
mediumҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстанның Ел ағасы атағына ие болды.


Арнайы төс белгіні оған екі жақты келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөз қызметкерлеріне арналған бірлескен мәлімдеме кезінде Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыс етті. Ол сонымен бірге Мемлекет басшысының иығына түркімен шапанын жапты.


Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев ризашылығын айтып, түркімен тарапына осындай жылы шырайы мен сый-құрметіне алғысын білдірді.


«Мұны Қазақстан халқына бауырластың құрмет көрсетуі деп есептеймін», - деді Н. Назарбаев. Сондай-ақ Елбасы көршілік қатынастардың ары қарай дамитынына сенім білдірді.


Н. Назарбаев сонымен бірге «Жаман туыстан жақсы көрші артық», - деген халық даналығын еске салды.


Соңында Түркіменстан Президенті ҚР Президентіне екі жақты ынтымақтастықты дамыту жолында қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары