Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Студенттер дін мен дәстүрдің сабақтастығы турасында уағыз тыңдады
12 желтоқсан, 2014 жыл 99 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамының уақытша міндетін атқарушы Дархан Асылтайұлының бекітуімен Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мерей Жақия аталмыш конференцияға қатысып, "Конфессияаралық келісімнің теориясы мен практикасы" атты тақырыпқа байланысты қасиетті дініміздің көркем уағыздарын насихаттады. Сонымен бірге дін мен дәстүрдің біте қайнасқан тұстарына тереңінен тоқталып, студенттерге тағылымы мол тақырыптарды тарқата жеткізді. Осы аралықта имам мен жастар жағы сұрақ-жауап түрінде ой-пікірлер алмасты. Имамның шариғатқа сай айтқан жауаптарын жастар зор ынтамен тыңдап, үлкен ықыласпен қабылдады. Ары қарай ілім-білімге құштар студенттер өздерінің орамды ойларын ортаға салды. Айта кетелік, ғылыми конференцияны өткізіп отырған "Философия және мәдениет теория" факультетінің оқытушылары болашақ философтар мен мәдениеттанушылардың білімін толықтыру мақсатында кездесулерді жиі ұйымдастырып тұрады. Сондай-ақ мұндай жиындарға көбінесе мешіт имамдары мен ұстаздарын шақырып,  Ислами уағыздарын  тыңдап, шариғат бойынша айтылған жауаптарына жүгінеді. Имамдармен өткен әр бір жүздесулер кейінгі буын жастарға ойлы пікірлер қалыптастырумен қатар асыл дінімізге деген сенімдерін күшейте түсетіні анық.


[gallery link="file" ids="12835,12833,12832,12831,12826,12818,12820,12821,12823,12824,12816,12815,12814"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары