Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағайлы мектебінде кездесу өткізілді
13 желтоқсан, 2014 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасына сай Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қарағайлы ауылындағы мектепте өткен жиынға қатысып келді.


Бұл кездесудің мақсаты – оқушыларға   қасиетті дініміз бен   ел арасында бүлік шығарып жүрген  өзге ағымдардың  ара-жігін кеңінен түсіндіру және бір-біріне байланысы жоқтығын үндеу. Сонымен қатар  экстремизм, терроризмдердің төңірегінде  болып жатқан келеңсіз жайттарды қозғап,  нақты деректермен бөлісті. Сондай-ақ оқушыларға өзге бағытты ұстанып, елді арандатып жүрген мақсаты түсініксіз топтардың қисынсыз іс-әрекеттерінен сақ болуға үгіт-насихат жүргізілді. Наиб имам жас өрендерге асыл дініміздің құндылықтары мен ізгі амалдары жайында кеңінен айта келе: «Ислам — әділдікті, қарапайымдылықты, ізгі жолды, игі жақсылықты ту еткен асыл дін», — деп сөзін аяқтады.


Қарағанды облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары