Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти: мақсатымыз – дәстүр арқылы дәстүрлі Исламға ұйыту
20 желтоқсан, 2014 жыл 20 Басып шығару нұсқасы




Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, ақын Сәрсенбек Бекмұратұлын өз өтініші бойынша қабылдады.


Кездесуде Ислам журналистика саласы, дін және дәстүр жайлы әңгіме қозғалды. Бас мүфти «Дін мен дәстүр» жылының қорытындысы жайлы әңгімеледі. Жыл соңында Астана қаласында рухани кеш өтетінін жеткізді. «Біздің мақсат – дәстүр арқылы жастарды дәстүрлі Исламды ұстануға шақыру. Осы бағытта еліміздің барлық аймақтарында ұлттық нақышта рухани шаралар ұйымдастырылды. Бұл игі істерді халыққа насихаттауда сіздердің, қаламгер қауымның да үлесіңіз мол», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.


Жазушы Сәрсенбек Бекмұратұлы бұл бастаманы қолдайтынын, қаламгерлер мүфтияттың игілікті шараларын насихаттауда белсенділік таныту қажеттігін тілге тиек етті.


www.muftyat.kz


[gallery ids="12928,12929,12930"]


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары