Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ислам бейбіт өмірді насихаттайды
26 желтоқсан, 2014 жыл 84 Басып шығару нұсқасы

Бүгінгі жастар келешектің тұтқасын ұстайтын ардақтыларымыз дейтін болсақ, елімізге өте маңызды тақырыптармен жастарды ақпараттандыру басты міндет болып табылады. Соның ішінде  Ислам айтулы да бірігей тақырып. Исламға ғана тән  мұғжизалары мен кереметтерін білу жағы   өте тереңде жатқанын меңзеп  «Дін – ғылымның атасы» деп  айтылған дана сөз бар. Дегенмен бүгінгі жас буынды ілім, ғылымның  қайнар бұлағы болған Исламды дәріптеу  үшін қажыр-қайрат, ұзақ уақыт кететіні анық. Алайда  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл ретте көптеген жұмыстар атқарып келеді. Арнайы тақырып бекітіп, уағыздарды насихаттауға  имамдарды, ұстаздарды сайлады. Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Абай  ауданының  наиб имамы Смағұлов Жасұлан  Абай ауданына  қарасты аграрлық  техникалық  колледжінің  студенттерімен  кездесу  өткізді.


Бұл жиында дәстүрлі дініміздің атын жамылып теріс іс-әрекеттерді ұйымдастырып жүрген белгілі топтар Исламды бұрмалап көрсетуде. Қоғамға іріткі салып, бүлік шығаруда. Осы орайда наиб имам жүгенсіз кеткендердің қолдан әдейілеп жасаған істері Исламға еш қатысы  жоқ  екенін айтып, молынан  ақпараттандырды. Мағынасы зор, тағылымы тереңде жатқан уағыздарын насихаттады. Бұл кездесуде жастар Ислам ақиқатты, тазалықты, бейбітшілікті қолдайтын дін екеніне көз жеткізді. Осы ретте студенттер имаманан түсінбеген тақырыптарын сұрап, жеке пікірлерін, көзқарастарын айтып еркін сұхбаттасты.


[gallery link="file" ids="13050,13051,13052"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары